Мәзір
13 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Алматыдағы мектеп асханасында оқушыларға тамақ қалдығын берген: тексеріс нәтижесі шықты

Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ Алматыдағы №67 мектептің асханасында болған жағдайға қатысты тексеріс нәтижесін жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматыдағы мектеп асханасында оқушыларға тамақ қалдығын берген: тексеріс нәтижесі шықты Алматыдағы мектеп асханасында оқушыларға тамақ қалдығын берген: тексеріс нәтижесі шықты
Фото: Midjourney

Желіде тараған видеода алматылық тұрғын аспаздардың қалдықты қайтадан салып жатқанын көрсетеді. 

"2025 жыл, 9 қаңтар. Аспаз қалдықтарды қайтадан жинап жатыр", дейді кадр сыртындағы әйел.  

Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ мектеп асханасына мониторинг жүргізді.

"Тамақ өнімдерін қайта пайдалану (қалдықты пайдалану) фактілері расталмады, алайда тамақтануды ұйымдастыруда бірқатар кемшілік анықталды. Атап айтқанда, салаттардың сапасының нашар екені тіркелді, бұл технологиялық картаның және тағам дайындау процестерінің бұзылуымен байланысты болуы мүмкін", деп жауап берді сараптамалық топ өкілдері Ұлысмедиа тілшісіне.

Мониторинг қорытындысы бойынша Алматы қаласының Санитариялық қауіпсіздік және бақылау департаментіне хат жолданды. Мектеп директоры тарапынан бақылаудың төмен болуына байланысты тәртіптік шаралар қолданылатын болады, ал департамент қоғамдық тамақтану қызметін жеткізушіге қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізетін болды.

"Мониторинг жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында топтың құрамы кеңейтіліп, салалық сарапшылардың қатысуы күшейтілді, сондай-ақ мониторинг ережелері бекітілді. Жұмыс Алматы қаласының барлық білім беру мекемелерінде тамақ сапасын қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген хабарламада.

Апта талқысында: