Мәзір
10 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Экономика

2025 жылы жалақыны көбейтуге болады: жаңа салықтық шегерімдер енгізілді

2025 жылдан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған жаңа норма күшіне енді,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

2025 жылы жалақыны көбейтуге болады: жаңа салықтық шегерімдер енгізілді 2025 жылы жалақыны көбейтуге болады: жаңа салықтық шегерімдер енгізілді
Фото: kapital.kz

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, бұл шара ата-аналарға отбасылық бюджеттің салықтық жүктемесін азайтуға мүмкіндік беріп, төрт немесе одан да көп баласы бар отбасылардың әл-ауқатын арттыруға оң әсер етеді.

"Көпбалалы отбасы үшін салықтық шегерім 282 АЕК (2025 жылы — 1 108 824 теңге) мөлшерінен аспайтын мөлшерде жиынтығында екі ата-анаға мынадай тәртіптердің бірімен:
көпбалалы отбасының бір ата-анасына ай сайын 23 АЕК (2025 жылы — 90 436 теңге); әр ата-анаға ай сайын 12 АЕК (2025 жылы — 47 184 теңге) мөлшерінде белгілей алады", - делінген ақпаратта.

Салықтық шегерім, егер жеке тұлғаның 1 қаңтардағы күнтізбелік жыл басында төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары болса, және бұл олардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен расталса, қолданылады.

Осылайша, 2025 жылы көпбалалы ата-аналардың кірісінен ай сайын шамамен 90 000 теңге салық салудан босатылады.

Апта талқысында: