Мәзір
7 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Экономика

Теңге әлсіреп, доллар қымбаттап барады - Ұлттық банк

Қазақстандық теңге бағамы әлсіреуін жалғастырып, 2025 жылдың 5 қаңтарында сауда нәтижесінде 1 АҚШ доллары үшін 526,3 теңгені құрады,   –  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Теңге әлсіреп, доллар қымбаттап барады - Ұлттық банк Теңге әлсіреп, доллар қымбаттап барады - Ұлттық банк
Фото: istockphoto.com

Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,2%-ға төмен. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ұлттық банк мәліметінше, сауда 525 теңге/доллар деңгейінде ашылып, теңгенің бағамы 525-528 теңге аралығында өзгерген. Сауданың орташа бағамы 526,3 теңге/доллар деңгейінде қалыптасты.

«Теңгенің әлсіреуіне қарамастан, сауда көлемі төмен болды – барлығы 119,5 миллион доллар. Бұл көрсеткіш өткен жылдардағы көрсеткіштерден айтарлықтай төмен: 2024 жылдың қаңтарында сауда көлемі орташа есеппен 172 миллион долларды, ал 2024 жылдың желтоқсанында 254 миллион долларды құраған», — деп жазылған хабарламада.

Теңгеге қысым АҚШ долларының нығаюымен байланысты. АҚШ долларының индексі 108 пунктке жетіп, соңғы екі жылдағы ең жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр. Бұл инвесторлардың америкалық валютаға қызығушылығының артуын білдіреді және бұл әлемдік нарықтағы көптеген ұлттық валюталарға теріс әсер етіп жатыр.

Сонымен қатар, теңгеге әсер ететін тағы бір фактор – ресейлік рубльдің бағамы.

Ұлттық банк теңгеге негізсіз қысым жасалған жағдайда, қосымша валюта ұсынысын қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл мақсатта Ұлттық банк өзінің алтын-валюта резервтерін қолданады.

Апта талқысында: