Мәзір
5 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақ тоны мен қара көйлегін киген: таңғы алтыда үйінен шыққан әйел өлі табылды

Астананың жанындағы Жібек Жолы ауылының тұрғыны 42 жастағы Баян Алтынбекованың мәйіті табылды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақ тоны мен қара көйлегін киген: таңғы алтыда үйінен шыққан әйел өлі табылды Ақ тоны мен қара көйлегін киген: таңғы алтыда үйінен шыққан әйел өлі табылды
Фото: instagram.com/_astana_volontery_lider.kz/

Бұл қайғылы хабарды Астананың «LIDER.KZ» еріктілер тобының адамдары хабарлады.

«Өкінішке қарай, Баянның мәйіті табылды. Оның нақты неден көз жұмғанын сараптама көрсетеді. Жақындары мен отбасына көңіл айтамыз», - деп жазған еріктілер.

Айта кетейік, марқұм 3 қаңтар күні таңғы алты шамасында үстіне ақ тоны мен қара көйлегін, аяғына қара етігін киіп, үйінен шығып кеткені белгілі. Бірақ, ол үйіне қайтып оралмаған.

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2