Қазақстанның бүкіл аумағына солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер өз ықпалын сақтайды – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте боран соғып, көктайғақ болса, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Түнде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан асуы мүмкін.