2 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр қарға ұласады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, ел аумағына атмосфералық фронттар әсер етеді. Соған байланысты жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр аралас қар күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде -6…-1 градусқа, күндіз +3…+8 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25 градустан +5…+15 градусқа дейін төмендейді.
Ал Қазақстанның солтүстігі, шығысы және орталығында ауа температурасы +13…+23 градус шамасында болады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күндіз +20…+25 градус жылы болады. Таулы аймақтарда ауа температурасы +10…+15 градус аралығында сақталады.
Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр, дымқыл қар және қатты жел болуы мүмкін екенін ескертті.