Мәзір
17 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Зейнетақы жинағын долларға ауыстыруға бола ма? БЖЗҚ басшысы жауап берді

Қазақстандық БЖЗҚ басқарма төрағасы Жанат Құрмановқа зейнетақы жинағын долларға айырбастауға бола ма деген сұрақ қойды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Зейнетақы жинағын долларға ауыстыруға бола ма? БЖЗҚ басшысы жауап берді Зейнетақы жинағын долларға ауыстыруға бола ма? БЖЗҚ басшысы жауап берді
Фото: yandex.kz

«БЖЗҚ өз қызметін қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шеңберде жүзеге асырады. Азаматтық кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасындағы ақша бірлігі – теңге, Қазақстан Республикасының аумағындағы ақшалай міндеттемелер теңгемен көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ  ҚР Әлеуметтік кодексінде міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленетіні белгіленген. Осыған сүйене отырып, зейнетақы жинақтарын басқа валюталарда сақтау мүмкін емес. Бұған дейін хабарлағанымыздай, зейнетақы активтерін сақтау және көбейту мақсатында олар түрлі рұқсат етілген қаржы құралдарына, оның ішінде шетел валютасына инвестицияланады", – деп жауап берді ол.

Апта талқысында: