«Мой город» сайтының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы айыпталушы мұндай қадамға қызғаныштан барғанын айтқан.
Әйелдің кінәсі толық дәлелденді. Орал қалалық соты Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша үкім шығарып, жеке өмірге қол сұғушылықты бұзғаны үшін жаза тағайындады, — деп мәлімдеді прокуратура.
Сондай-ақ прокуратура азаматтардың келісімінсіз жеке суреттерін бұлай таратқаны үшін 6 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін екенін ескертті.