Әсел Сәдуақасованың бұрынғы жұбайы, одан жеті жас кіші болған Мәжжан Тілеухан, ажырасу жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Әсел Сәдуақасова жақында ғана ажырасқанын ресми түрде растаған болатын. Енді Мәжжан да өз сезімдерімен және осы кезеңде басынан өткерген қиындықтарымен бөлісті.
«Бұл жыл қиын болды, көп адам бұл пікірмен келіседі деп ойлаймын. Өзгерістер, ой түйетін, трансформациялар жылы болды. Бұл жыл маған асығыс қорытынды жасамауға, өзгелерді сынамауға және ешкімге қызғанышпен қарамауға үйретті. Біз Әсел екеуіміз ажырастық. Бұл туралы қазір айтуымыздың себебі – біз негізгі ауыртпалықты өткеріп, бұл туралы көпшілікке ашық айтуға дайынбыз. 2 қыркүйек күні ажырасуға өтініш бердік, 4 қазанда ресми түрде куәлікті алдық. Бірақ бұл шешімге жаз бойы моральдық тұрғыда дайындалдық», – деп жазды Мәжжан Тілеухан.
Ол бұл жаздың өміріндегі ең ауыр кезең болғанын мойындады. Сол уақытта ол өмірден мән іздегенін, «дүниесінің күл-талқаны шыққандай» болғанын айтты. Эмоционалдық ауыртпалықты жеңу үшін көбірек ұйықтауға тырысқанын да жасырмады.
Сүйіктілерінің ажырасуына себеп – өмірге деген көзқарастардың әртүрлілігі.
«Ер мен әйел ретінде бізге бірге өмір сүру қиын болды. Күнделікті өмір салты, режим, мінездеріміз, белгілі бір нәрселерді түсінуіміз екі түрлі еді. Біз өткеніміз үшін еш өкінбейміз», – деп түйіндеді ол сөзін және Әсел Сәдуақасоваға алғысын білдірді.