Мәзір
29 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» 8 өңірде ескерту жариялады

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 29 қарашада 8 өңірде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«ҚазАвтоЖол» 8 өңірде ескерту жариялады «ҚазАвтоЖол» 8 өңірде ескерту жариялады
Фото: istockphoto.com

2024 жылғы 29 қарашада Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр күтілуде.

«Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз»,– делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Апта талқысында: