Кейбір қазақстандық банктер өз клиенттерінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға берген. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов айтты.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әбдіқалықов бұл банктердің жазаланғанын мәлімдеді..
"Иә, өкінішке орай, мұндай фактілер бар, біз былтырғыдай екінші деңгейлі банктерді осы заң бұзушылықтар үшін жазаладық. Сәйкесінше, бұл жерде азаматтардың өздерінің азаматтық ұстанымы қажет, яғни, бізге бұл туралы хабарлауы керек. Біз заңды тұлға ретінде банктерге айыппұл саламыз, бірақ нақты статистика жоқ", –деді ол.