Бұған дейін прокуратура облыстағы Балалар үйлері мен Балаларды қолдау орталықтарында тәрбиеленіп жатқан 10-16 жас аралығындағы қыздар медициналық тексеру өткізіліп жатқаны туралы хабарлаған.
Прокуратура органдары ұйытқы болған дәрігерлік тексерумен кәмелет жасына жетпеген 105 қыз бала қамтылған.
"Тексеру барысында 11 қыздың ерте бастан пәктігінен айырылғаны тіркеліп отыр. Оның 8-і қазіргі уақытта Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне алынды. Олар бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды, күдіктілер анықталып, ұсталды. Үш дерек қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тексеріліп жатыр. Бұған қоса балалардың үй жағдайындағы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырауына қатысты екі дерек тіркеліп отыр", – деп хабарлады бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова