Мәзір
26 қараша, 2024 / BuginMedia / Аймақ

Алматы облысында жолды жапқан көкпаршылар қамауға алынды

Автомобиль жолын жапқан көкпаршылар әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды buginmedia.kz

Алматы облысында жолды жапқан көкпаршылар қамауға алынды Алматы облысында жолды жапқан көкпаршылар қамауға алынды
Фото: видеодан алынды

Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болған.

“Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Еңбекшіқазақ ауданының жолдарындағы шабандоз тобының жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі анықталды. Құқық бұзушыларды аудандық полиция қызметкерлері анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, -  делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен, көкпар ұйымдастырушы 7 тәулік, төрт қатысушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Қалғандарына айыппұл салынған.

Апта талқысында: