Мәзір
22 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК 23-25 қарашаға ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды Демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны қалыптастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градус аязға дейін, еліміздің қиыр шығысында 23 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.

Апта талқысында: