Мәзір
21 қараша, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Қазақстандықтар жаңа жылда неше күн демалатыны белгілі болды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың  қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстандықтар жаңа жылда неше күн демалатыны белгілі болды Қазақстандықтар жаңа жылда неше күн демалатыны белгілі болды
Фото: gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.

"Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды", - делінген хабарламада.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Апта талқысында: