Мәзір
Бүгін, 14:12 / BuginMedia / Аймақ

Бұрқасын, көктайғақ: 16-18 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК 15-18 қарашаға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұрқасын, көктайғақ: 16-18 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды Бұрқасын, көктайғақ: 16-18 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс циклонның жырасы әсер етеді, осыған байланысты: еліміздің батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде жауып, көктайғақ болады, ал солтүстік-батыста және солтүстікте қар жауып, бұрқасын болады. Республиканың қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман тұсіп, 15-25 м/с дейін жел күшейеді.

Күндіз Қазақстанның батысында температуралық фон 2-10 жылы, солтүстік-батыста 5 аяз-5 жылы, солтүстікте, шығыста және орталықта 5 аяз-2 жылы, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 5-15 градус жылы болады деп болжануда.

 

Апта талқысында: