Мәзір
15 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Біреуі басшылық қызметте»: Абай облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 6 адам ұсталды

Абай облысы прокуратурасы жалған дипломмен жұмысқа орналасқан «Семей орманы» МОТР қызметкерлерін анықтады,деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Біреуі басшылық қызметте": Абай облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 6 адам ұсталды "Біреуі басшылық қызметте": Абай облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 6 адам ұсталды
Фото: ortcom.kz

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.

"Семей қаласы  Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес, аталған қызметкерлерге диплом берілмеген", – делінген хабарламада.

Осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі ("жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2