Мәзір
14 қараша, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

“Мама, ақша аударшы”: ата-аналардан 10 миллион теңге жинап алған 3 жігіт ұсталды

БҚО-да полицейлер өзін жәбірленушілердің баласы ретінде көрсетіп, алаяқтықпен айналысқан топты ұстады,  деп хабарлайды buginmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

“Мама, ақша аударшы”: ата-аналардан 10 миллион теңге жинап алған 3 жігіт ұсталды “Мама, ақша аударшы”: ата-аналардан 10 миллион теңге жинап алған 3 жігіт ұсталды
Фото: istockphoto.com

Қылмыстық топ үш жігіттен құралған.

Қаратөбе полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілердің бірі WhatsApp қосымшасы арқылы педагогтердің іс-шарасын өткізу үшін құрылған жалпы чатқа кіргенін анықтады. Чаттың мазмұны мен хаттарды зерттегеннен кейін ол ондағы адамдардан ақша аударуды сұрап, жеке хат жазған. Бұл ретте күдікті жәбірленушілерге өзін солардың баласы сияқты таныстырып, өзінің телефоны сөніп қалғанын жеткізген.

Күдіктілердің сөзіне сеніп жәбірленушілер карта деректері мен CVV-кодтарын жіберген. Содан кейін алаяқтар қаражатты қолма-қол ақшаға алмастырған.

Қазіргі уақытта алаяқтықтың 17 фактісі бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр. Алданғандар арасында басқа өңірдің тұрғындары да бар екені анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрайды.

Полиция азаматтардан бөгде адамдармен телефонмен сөйлесу кезінде ғана емес, жалпы чаттарда хат алмасу кезінде де абай болуды сұрайды.

Апта талқысында: