Мәзір
11 қараша, 2024 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Жексұрын болып өзі қайтып келді»: Мөлдір Әуелбекова алғашқы некесі туралы шындықты айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова тележүргізуші Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, алғашқы некесінің сәтсіздігі туралы айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Жексұрын болып өзі қайтып келді": Мөлдір Әуелбекова алғашқы некесі туралы шындықты айтты "Жексұрын болып өзі қайтып келді": Мөлдір Әуелбекова алғашқы некесі туралы шындықты айтты
Фото: instagram/moldir.auyelbekova

Мөлдір Әуелбекова жолдасымен арада келіспеушіліктерден кейін әкесі өзін үйге кіргізбей қойғанын айтты.

"Қайтып келген қыз жаман" деген жағдайға байланысты деп ойлаймын. Бірінші некемде түсініспеушіліктер болған кезде Алматыға жұмыс сапарымен келдім. Ол кезде ата-анам Алматыда, біз Астанада тұрамыз. Бізде сол кезде баламның әкесімен жанжал үдеп кетті. Сол кезде үйдегілерге "Мен кетемін, осы жерде қаламын" дедім. Әкем "Жоқ, бұл жерде қалмайсың" деп мені үйге кіргізбей, қайтарып жіберген. Бірақ қайтып барған күннің өзінде жағдай мен жанжал үдей түсті. Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінгенде бәрі жақсы болар ма еді. Олар "Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман" деп мені кінәлады. Содан кейін бәрі ажырасуға келіп тірелді. Мен өзім кетіп қалсам, әкем үйге кіргізбейтінін білдім. Жанжал болғанда кете алмайтынымды білдім. Бірақ бәріне шыдап, соңында өзі мені тастап кетті. Өзі тастап кеткен соң әке-шешем қабылдайды ғой. Құшағын жайып қабылдады, - деді Мөлдір Әуелбекова. 

Апта талқысында: