Мәзір
Бүгін, 09:40 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

“Ине тығып, топырақ шашқан”: Ырысбала Икрамбай әлдекімдердің өзіне сиқыр жасап жүргенін айтты

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне және отбасына қатысты түсініксіз жағдайлардың жиілеп кеткенін айтып, көпшілікке үндеу жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

“Ине тығып, топырақ шашқан”: Ырысбала Икрамбай әлдекімдердің өзіне сиқыр жасап жүргенін айтты “Ине тығып, топырақ шашқан”: Ырысбала Икрамбай әлдекімдердің өзіне сиқыр жасап жүргенін айтты
Фото: Instagram.com/irisbala__ikrambai_official

Оның сөзінше, қызметкерлері дүкен ішінен шаншылып тұрған ине тауып алған. Бұдан бөлек, блогер үйінің алдына топырақ шашылғанын айтып, мұны өзіне қарсы әдейі жасалған әрекет болуы мүмкін екенін жеткізді.

«Менің магазиніме ине тығып, үйімнің алдына топырақ шашып шаршамадыңдар ма? Мен ауырып шаршадым. Қойыңдар болды. Менің жұмысым жүрмей, мен ауырып жатқаныммен менікін алып сендерге беріп жатқан жоқ қой», – деп жазды Ырысбала Икрамбай.

Блогер соңғы уақытта денсаулығының да нашарлағанын айтып, мұндай әрекеттерді доғаруға шақырды.

Қазіргі уақытта Ырысбала Икрамбайдың мәлімдемесіне байланысты құқық қорғау органдары тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ. Сондай-ақ блогер айтқан жайттардың мән-жайы мен олардың шынайылығы әзірге ресми түрде расталмаған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2