ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайы туралы мәлімдеме жасады.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта үш штабтық қазақстандық бітімгерлер штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қақтығыс аймағы олардың қызмет орындарынан алыста.
«Жағдай шиеленіскен кезде қазақстандық әскери қызметшілерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығымен және Миссия басшылығымен бірлесіп қабылданатын болады. Қорғаныс министрлігі олармен үнемі байланыста», - дейді ведомствоның ресми өкілі Руслан Жангулин.
Айта кетейік, құрамында 139 әскери қызметші бар қазақстандық әскерилер биыл бітімгерлік миссия орындау үшін Голан жоталарына жіберілген.