Мәзір

"Талағын беріп тастап кетті": Жанель Мақажан не себепті ажырасқанын айтты

"Талағын беріп тастап кетті": Жанель Мақажан не себепті ажырасқанын айтты "Талағын беріп тастап кетті": Жанель Мақажан не себепті ажырасқанын айтты
Фото: instagram.com/janellemakajan

Актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желіде күйеуі Абай Асылханнан ажырасу себебін, басынан өткен жағдайды баяндады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Актрисаның айтуынша, бұрынғы күйеуі отбасын қорғамай, туыстарының сөзіне еріп, отбасынан кеткен. Ол ажырасқаннан кейін бұрынғы күйеуінің өзін сырт көзге «керемет әке, жар» ретінде көрсетіп жүргенін мәлімдеді.

«Күйеуің сені, бала-шағаңды өз туыстарына, иті мен құсына талатып отырса, өз отбасын шын мәнінде қорғамаса, шешесінің жанындағы психологтарының, достарының айтқанына еріп, саған талағын беріп, қуанып отбасын тастап кетсе… Бірақ елге керемет әке, жар бетпердесімен жүріп, одан қалды бауырлары ажырасуға, сенің өлуіңе, сен тазаланған сайын одан әрі сихр жасай берсе, қиын екен», – деп жазды ол.

Жанель Мақажан бұрынғы күйеуінің анасымен қарым-қатынасы да отбасылық жағдайға әсер еткенін айтты.

«Шешесінен сепарация жоқ, өзіңе қарсы шығып, шешесімен бірге сені өз үйіңнен қуса – ол да оңай емес екен. Сен жасаған барлық ресурс, жақсылықты пайдаланып, өзіне қатты сеніп, енді «отбасым керек емес екен ғой» деп, басқа отбасын құрам деп, жақын туыстары таныстырып жүрген қыздармен кездесіп, кімге үйленерін ақылдасып жүрген адамнан не күтесің?» – деді актриса.

Ол әйелдердің отбасына барын салып, жарына сенетінін айтады.

«Біз әйелдер сенеміз ғой, барымызды береміз, энергиямызды, ақшамызды, мотивациямызды. Еріңе сенесің ғой. Екі дүниенің бақытын бірге көреміз деп барыңды саласың. Сол жерде ақымақ болғаныңды түсінесің. Бәрі керемет болады деген аңғал сеніммен жүресің. Одан қалды, сені алдап, опасыздық жасаса, сатқындықтың жаныңа бататынын түсінесің», – деп жазды ол.

Актрисаның сөзінше, жігіттің отбасы қарым-қатынасқа әу бастан қарсы болса, оған жеңіл қарамаған жөн.

«Жалпы әу баста жігіттің отбасы қарсы болса, ондай отбасын көре тұра, қарым-қатынасты байыппен қарастырмау керек екен. Олардың арам пиғылы түбіне жетпей қоймайды екен. Ерлі-зайыпты болып қол ұстасып, бәрін бірге жеңеміз десе, отбасын сақтап қалуға болады. Ал ерің отбасын емес, өз туыстарының айдақтауымен кетсе, не қайыр? Некеде қайыр жоқ», – деді Жанель Мақажан.

Актриса бұл жазғандары оқиғаның басы ғана екенін айтып, қалғанын толық баяндаса, оқырман таңғалатынын жеткізді.

«Бұл басы ғана. Бәрін айтсам, өмірде ешбір жанға сенбей кетесіздер», – деп түйіндеді ол.

Жақында Жанель Мақажан күйеуі Абай Асылханнан бөлек кеткенін жариялаған еді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2