Reuters агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар Virgo Transport 8 кемесінен 108 адамды аман алып қалған. Қазір мамандар теңізде қалған жолаушыларды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Апат жексенбі күні таңертең болған. Іздеу-құтқару қызметінің мәліметінше, кеме сенбі күні Шығыс Явадағы Сурабая қаласынан теңізге шыққан. Бортта барлығы 243 адам, оның ішінде 30 экипаж мүшесі болған.