Өнер иесі бұл мәселеге денсаулығына байланысты қиындықтар әсер еткенін жасырмады.
«Менің денсаулығым онша жақсы болған жоқ. 1-2 бала түсіп қалды, бірнеше отадан өттім. Ауруханада да жаттым. Сондай қиындықтардан өттік. Уақытты жіберіп алдым», – деді әнші.