Мәзір
Бүгін, 09:07 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қайын жұртын жайратып салған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты тың дерек шықты

Атырау облысының Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесін өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемәлиев әзірге тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қайын жұртын жайратып салған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты тың дерек шықты Қайын жұртын жайратып салған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты тың дерек шықты
Stan.kz | ЖИ көмегімен жасалған

Атырау облысының Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесін өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемәлиев әзірге тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Atyrau OIL мәліметінше, сотталған азаматтың жазасын өтеу мекемесіне этаппен жөнелтілуі оның психологиялық жағдайына байланысты кейінге қалдырылуы мүмкін. Оның өзіне зиян келтіру қаупі ескеріліп отырғаны айтылады. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Бұған дейін Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның қорғаушысы соттың өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкіміне апелляциялық шағым түсірмегені хабарланған. Осыған байланысты сот үкімі заңды күшіне енген.

Енді ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеуі тиіс. Алайда сотталған азаматтың нақты қай мекемеге және қашан жөнелтілетіні әзірге белгісіз.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2