Блогер Instagram парақшасындағы видео жариялап, қызының еміне қаражат пен ойыншықтар бергенін көруге болады.
Сонымен қатар, ол қызының анасының өтінішімен оның түрін көрсетпей, Астанадан пәтер кілтін де табыстады.
Айта кетейік, өткен жылы танымал қазақстандық блогер Дархан Жолшыбековтің некесіз туған бес жасар баласы бар екені белгілі болды. Сәбидің анасы "Көреміз" бағдарламасына келіп, қызының дерті барын және блогердің 15 мың теңге алимент төлейтінін ашып айтты.
Жезқазғандық Айдана Сапарбекованың айтуынша, ол Дарханмен осыдан 5 жыл бұрын 17 жасында көңіл қосқан. Олар Тараздағы мейрамхананың бірінде танысып, блогер даяшы қызға жиі қонаққа келген. Олар 4 ай кездескен. Ал блогер Дархан Жолшыбеков бағдарлама шақыртуына келмей, бағдарламаға сұхбат беруден бас тартқан.