Мәзір
Бүгін, 12:44 / BuginMedia / Әлеумет

Ең жоғары жалақы қай салада?

Қазақстанда 2026 жылдың II тоқсанындағы жалақы туралы деректер жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ең жоғары жалақы қай салада? Ең жоғары жалақы қай салада?
Фото: gov.kz

Сәуір-маусым айларында Қазақстандағы орташа айлық атаулы жалақы 486 388 теңге болды. Бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 5,4%-ға жоғары. Деректер шағын кәсіпкерлік субъектілерін есепке алмағанда көрсетілген.

Өңірлердегі жалақы

Ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау облысында – 673 656 теңге. Одан кейін Астана – 647 920 теңге және Атырау облысы – 631 555 теңге тұр.

Алматыда орташа жалақы 610 371 теңге, Шымкентте 377 710 теңге болды. Ең төмен көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан облысында – 363 123 теңге, Түркістан облысында – 370 964 теңге, Жамбыл облысында – 375 456 теңге және Жетісу облысында – 377 798 теңге тіркелді.

Медианалық жалақы

II тоқсанда медианалық жалақы 348 415 теңгені құрады. Бұл – қызметкерлердің жартысы осы сомадан аз, ал қалған жартысы одан көп жалақы алатынын көрсететін көрсеткіш.

Салыстыру үшін, 2025 жылдың IV тоқсанында орташа жалақы 473 158 теңге, ал медианалық жалақы 339 912 теңге болған.

Ең жоғары жалақы қай салада

Ал ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру саласында – 1 107 576 теңге, ақпарат және байланыс саласында – 851 076 теңге, тау-кен өнеркәсібінде – 980 334 теңге болды.

Сонымен қатар, II тоқсан соңында Қазақстан кәсіпорындарында 56 594 бос жұмыс орны болған. Оның ең көбі Алматыда – 12 998, Астанада – 6 823 және Қарағанды облысында – 4 441 орын.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2