Мәзір
Бүгін, 16:45 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды

Журналистика саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ұлттық баспасөздің дамуына үлес қосып жүрген Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды
Фото: Ақорда

Ержан Байтілес – қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер. Еңбек жолын ақпарат саласынан бастап, баспасөздің түрлі бағыттарында қызмет атқарды. Журналистік тәжірибесі мен редакторлық шеберлігін ұштастыра отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жауапты міндеттер атқарып келеді.

Оның кәсіби жолы журналистиканың күнделікті тыныс-тіршілігінен бастап, басылымды ұйымдастыру мен басқаруға дейінгі бағыттарды қамтиды. Қаламгер ретінде қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, ұлттық құндылықтар мен елдік мәселелерді ақпарат кеңістігінде насихаттауға атсалысты.

«Қазақ газеттері» ЖШС – қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар іргелі медиа құрылымдардың бірі. Компания құрамындағы басылымдардың дәстүрі мен қалыптасқан журналистік мектебі жаңа басшыға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Ұжымды осыған дейін филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы басқарған еді. Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланып, енді заң шығару саласында қызметін жалғастырмақ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2