Ол алты жыл бойы жобаға салған инвестициясының нәтижесін қорытындылап, медиа жобаның шығыннан шығып, пайдаға жету мүмкіндігі жоқ деген қорытындыға келгенін айтты.
Құрылтайшының сөзінше, Orda.kz жарнама келісімшарттары арқылы табыс таба алады. Алайда6 бұл кіріс жобаның ағымдағы шығындарын әрең жабады және бірнеше жылдық инвестицияны қайтаруға жеткіліксіз.
«Медианы саяси ойындарға, фейк ақпарат таратуға немесе бопсалауға пайдаланғым келмейді. Бұл менің жеке мақсаттарыма сәйкес келмейді», – деді ол.
Ол редакция ұжымына, оның ішінде Анна Платоноваға атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. Компания қызметкерлер алдындағы барлық міндеттемесін толық орындайтынын және есеп айырысатынын жеткізді.
Редакция да өз міндеттемелерін орындауды жоспарлап отыр.
Orda.kz құрылтайшысы бұдан былай өз жұмысына қайта оралатынын айтып, медиаға енді инвестиция салмайтынын мәлімдеді.