Мәзір
Бүгін, 15:57 / BuginMedia / Білім

Тоқаев мұғалімдерді жөндеу жұмыстары мен оқу процесіне қатысы жоқ шаралардан босатуды тапсырды

Мемлекет басшысы педагогтерге түсетін артық жүктемені азайтып, оларды қағазбастылық пен қажетсіз тексерістерден босату қажет екенін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тоқаев мұғалімдерді жөндеу жұмыстары мен оқу процесіне қатысы жоқ шаралардан босатуды тапсырды Тоқаев мұғалімдерді жөндеу жұмыстары мен оқу процесіне қатысы жоқ шаралардан босатуды тапсырды
фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президенттің сөзінше, білім беру саласындағы мемлекеттік сервистер мен қызметтерді біріктіру арқылы мұғалімдердің уақытын алатын жұмыстар қысқартылады.

«Педагогтерді ығыр қылатын қағазбастылықтан, бітпейтін есептен, аттестациядан өту талабынан және басқа да пайдасыз тексерістерден босату керек», – деді Мемлекет басшысы.

Ол мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына және оқу процесіне қатысы жоқ қоғамдық іс-шараларға тартуға жол бермеу керектігін атап өтті.

Президенттің айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктердің тиісті басқармалары нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға және білім беру бағдарламаларын саралауға басымдық беруі тиіс.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2