"2024 жылғы 1 қарашада Абай, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.