Мәзір
1 қараша, 2024 / BuginMedia / Экономика

Қазақстанда танымал Temu платформасы Еуроодақтың күдігіне ілінді

ЕО қытайлық Temu сауда веб-сайтына қарсы ресми сот ісін бастады, себебі ол интернетте заңсыз өнімдерді сатуды тоқтатпай жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда танымал Temu платформасы Еуроодақтың күдігіне ілінді Қазақстанда танымал Temu платформасы Еуроодақтың күдігіне ілінді
Фото: tildacdn.one

Бейсенбіде Еуропалық комиссия Amazon-қа арзан бағамен бәсекелес болып табылатын платформаға қатысты алаңдаушылық білдіріп, ресми тергеу ашылды.

Платформа «Миллиардер сияқты дүкен» деген атаумен өткен жылдың сәуір айында іске қосылғаннан бері Еуропалық Одақ нарығында тез өсті, косметикадан киімге дейін, сонымен қатар Қытайдан тікелей жеткізілетін жиһаздар мен технологияларды 100 миллионға жуық пайдаланушыға сатады.

Еуропалық комиссия PDD Holdings-ке тиесілі платформаның Facebook-тен X және Google-ға дейінгі технологиялық компанияларды реттейтін жаңа цифрлық қызметтер туралы заңын (DSA) бұзып отыр деген алаңдаушылық білдірді. 

Комиссия аталған сауда маркетплейсінде «бұрын бұғатталған алаяқ саудагерлер» қайта қулығын асыруы мүмкін деп алаңдайды. Себебі, платформаның жеткілікті сенімді жүйелері жоқ екенін алға тартады. Себебі, кейбір өнімдер кейде жойылғаннан кейін бірнеше күн ішінде қайта пайда болады.

Олардың айтуынша, контрафактілік өнімдер, фармацевтика, косметика және ойыншықтардың сатылуына қатысты алаңдаушылықты Еуропадағы әртүрлі билік органдары, әсіресе Германия, Дания және Ирландия елдері көтеріп отыр. 

Шенеуніктер Temu «өз платформасында не болып жатқанын тексеретін және бақылайтын» «тиімді басқару жүйелерін» енгізбеген деп күдіктенеді.

Еуропалық комиссияның атқарушы вице-президенті Маргрете Вестагердің айтуынша, комиссия Тему DSA талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізгісі келеді.

«Атап айтқанда, олардың платформасында сатылатын өнімдердің ЕО стандарттарына сәйкестігін және тұтынушыларға зиян келтірмейтінін қамтамасыз ету», - деді Вестагер.

Егер DSA-ны бұзғаны анықталса, компанияға үлкен айыппұл салынуы мүмкін.

ЕК атап өткендей, сәуірде ЕО-да 75 миллион Temu пайдаланушысы тіркелсе, қыркүйекте олардың саны 92 миллионға дейін өскен. 

Апта талқысында: