Мәзір
Бүгін, 10:20 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қылмыстық іс және елден шығуға тыйым: Луқпан Ахмедьяровтың айналасында не болып жатыр?

Астана қаласының полиция департаменті журналист Лұқпан Ахмедияровқа қылмыстық кодекстің 274-бабымен ("Көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату") іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қылмыстық іс және елден шығуға тыйым: Луқпан Ахмедьяровтың айналасында не болып жатыр? Қылмыстық іс және елден шығуға тыйым: Луқпан Ахмедьяровтың айналасында не болып жатыр?
Фото: Facebook/Вадим Борейко

– Сіздің сұрауыңызда көрсетілген тұлғаға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – деп жауап берді Азаттық сауалына департамент басшысының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин.

Полиция журналистің іс аясындағы мәртебесі туралы ештеңе айтпады.

3 тамызда журналист, "Просто журналистика" жобасының авторы Лұқпан Ахмедияровты Қазақстаннның Шекара қызметі елден шығармай қойған. Ол Астана әуежайынан Черногорияға отбасымен бірге ұшпақ болған жерінен кері қайтуға мәжбүр болды.

Лұқпан Ахмедияровтың айтуынша, әуежайда Шекара қызметінің өкілі оған "сіздің елден шығуыңызға Астана полициясы тыйым салған, не себепті екенін білмеймін" деген.

Журналист бұл оқиғаға дейін, яғни, 31 шілдеде тергеушінің шақыртуымен полиция басқармасына барып, түсініктеме берген. Оның сөзінше, Андрей Котов деген Өскемен тұрғыны оның үстінен арыз түсірген.

Соның қарсаңында әлеуметтік желіде өзін Андрей Котовпын деп таныстырған өскемендік «заңда көрсетілген құқықтарым бұзылып жатыр» деп Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің атына үндеу жолдаған.

Котов журналистің Украинадағы "Хочу жить" жобасының Ресей әскерінің қатарында жалдамалы ретінде соғысып жатқан қазақстандықтар тізімін бөліскеніне шүйліккен. Сөзінше, тізімде оның да есімі бар. Бірақ Украинада соғыспағанын, Ресейде вахтада жұмыс істегенін айтады.

Лұқпан Ахмедияров Украинаның мемлекеттік жобасы жариялаған тізімді бөлісіп, билік назарын аударуды көздегенін айтады.
 

– "Біз нақты білеміз, тізімдегі Қазақстанның 661 азаматының бәрі соғысқа қатысқан" деп, ешбіріміз жазған жоқпыз. Бәріміз, міне, мынандай тізім шықты деп жаздық. Менің мотивациям Қазақстан үкіметінің соған назарын аудару болды, – дейді ол.

Украинаның "Хочу жить" жобасы Ресей қатарында соғысқан шетел азаматтарының тізімін кезең-кезеңімен жариялап келеді. Бұл ақпаратты Қазақстанда бөліскен медиа, желі қолданушысы көп. Дегенмен Лұқпан Ахмедияров былтыр да Тараз тұрғынының дәл осыған ұқсас шағымы бойынша полицияға шақыртылған еді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2