Мәзір
Бүгін, 12:42 / BuginMedia / Әлемде

«Олар іздестіріліп жатыр»: Трамп АҚШ-тағы құпия ақпаратты жариялағандарға қатаң ескерту жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің оқ-дәрі қоры туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына таратқан адамдарға ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қолдануға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Олар іздестіріліп жатыр»: Трамп АҚШ-тағы құпия ақпаратты жариялағандарға қатаң ескерту жасады «Олар іздестіріліп жатыр»: Трамп АҚШ-тағы құпия ақпаратты жариялағандарға қатаң ескерту жасады
Фото Depositphotos.com

Трамптың айтуынша, АҚШ-та оқ-дәрі қоры жеткілікті.

«Бізде оқ-дәрі қоры мол. Америкалық кәсіпорындар қажет болған жағдайда қару-жарақты өндіруді және жеткізуді жалғастырып жатыр. Сонымен қатар қорғаныс компаниялары жаңа зауыттар салып жатыр», – деді ол.

АҚШ президенті құпия ақпараттың жариялануына жол берген адамдардың іздестіріліп жатқанын айтты.

«Осы сатқындық сипатындағы мәлімдемелердің таралуына жол берген адамдар іздестіріліп жатыр. Біз олардың ұзақ мерзімге түрмеге қамалуын талап етеміз», – деп жазды Трамп.

Бұған дейін Reuters агенттігі үш анонимді дереккөзге сілтеме жасап, АҚШ әскері алыс қашықтыққа арналған жоғары дәлдіктегі ATACMS және Precision Strike Missile зымырандарының қолда бар қорының басым бөлігін пайдаланғанын хабарлаған еді.

Агенттік дереккөздерінің бірінің айтуынша, соғыс басталғалы бері АҚШ әскері әлемнің түрлі аймақтарында орналастырылған Tomahawk қанатты зымырандарының жартысына жуығын жұмсаған. Сонымен бірге Reuters бұл мәліметтерді тәуелсіз түрде растай алмағанын атап өтті.

Өз кезегінде CNN екі дереккөзге сілтеме жасап, АҚШ әскері соғысқа дейінгі қордағы THAAD зымыранға қарсы жүйесіне арналған тосқауылдаушы зымырандардың шамамен 80 пайызын және Patriot әуе қорғанысы кешеніне арналған зымырандардың жартысына жуығын пайдаланып қойғанын хабарлады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2