Жанартаудан көтерілген алып күл бағаны ауаға шамамен 6,6 шақырым биіктікке дейін жетіп жатыр.
Гватемаланың төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру агенттігі (CONRED) ел аумағында қызғылт сары қауіп деңгейін жариялады. Елдің Вулканология институты жасаған мәлімдемеде Фуэго жанартауының «неғұрлым жарылыс қаупі жоғары кезеңге» өткенін ескертті.
Төтенше жағдайлар қызметі жариялаған бейнежазбалардан қуатты атқылаудың салдарынан бұлттардың қызыл түске боялғанын, ал биіктігі 3760 метр болатын жанартаудың беткейлерімен лава ағып жатқанын көруге болады.
«Бұл ағындар – жанартау газы, күл, тас сынықтары мен өте жоғары температураның қоспасы. Олар жанартаудың беткейімен төмен қарай өте жоғары жылдамдықпен қозғалады», – делінген CONRED хабарламасында.
Билік өкілдері сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендерге жанартау күлінің түсуі мүмкін екенін ескертті.
Еске салсақ, 2018 жылы Фуэго жанартауы атқылаған кезде 215 адам қаза тауып, шамамен сонша адам хабар-ошарсыз кеткен болатын.