Мәзір
Бүгін, 08:24 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда ыстық бәсеңдеп, жаңбыр мен найзағай күтіледі

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда ыстық бәсеңдеп, жаңбыр мен найзағай күтіледі Қазақстанда ыстық бәсеңдеп, жаңбыр мен найзағай күтіледі
pngtree.com

Синоптиктердің болжамынша, 5 тамыз, сәрсенбі күні Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттар жылжуын жалғастырады. Соның әсерінен еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық бәсеңдеп, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік және орталық өңірлерде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Солтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы +22…+27 градусқа дейін төмендейді. Ал шығыс өңірлерде ауа температурасы +27…+32 градус шамасында болады.

Еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2