Мәзір
Бүгін, 12:19 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қара теңіздегі түрік жүк кемесіне дрондар шабуылдап, өрт шықты

Новороссийск жағалауында көкөніс пен жеміс-жидек тасымалдап келе жатқан түркиялық NADEZHDA жүк кемесі өртенді. Түркияның İhlas Haber Ajansı агенттігінің мәліметінше, кемеге Украина дрондары шабуыл жасаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қара теңіздегі түрік жүк кемесіне дрондар шабуылдап, өрт шықты Қара теңіздегі түрік жүк кемесіне дрондар шабуылдап, өрт шықты
фото: turkiyegazetesi

Басылымның хабарлауынша, кеме бортында 22 теңізші болған, олардың 13-і – Түркия азаматтары. Шабуыл салдарынан төрт адам жарақат алды.

Новороссийск теңіз құтқару-үйлестіру орталығының мәліметіне сәйкес, экипаж мүшелері түгелдей Новороссийск портына эвакуацияланған. Алдын ала ақпарат бойынша, жараланған үш теңізшінің жағдайы ауыр болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Кеме Түркияның Самсун портынан Ресейдің Новороссийск қаласына бағыт алған. İhlas Haber Ajansı агенттігінің мәліметінше, шабуыл Түркия уақытымен сағат 16:30 шамасында, Новороссийскіден шамамен 30 теңіз милі қашықтықта болған. Соның салдарынан кемеде өрт шыққан.

Кеме капитаны Ялчын Шахиннің айтуынша, шабуылға алты-жеті дрон қатысқан. Оның сөзінше, бұл Украинаға тиесілі ұшқышсыз аппараттар болған. Алайда Украина тарапы әзірге бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Түркияның Теңізшілік бас басқармасының хабарлауынша, шабуыл кезінде кеменің тұрғындар орналасқан бөлігі зақымданған. Өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2