Мәзір
Бүгін, 09:49 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

Серік Ибрагимов төртінші рет әке атанғанын сүйіншіледі

Қазақстандық әнші Серік Ибрагимов пен жұбайы Айнамкөз Әбдімаеваның отбасында төртінші сәби дүниеге келді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Серік Ибрагимов төртінші рет әке атанғанын сүйіншіледі Серік Ибрагимов төртінші рет әке атанғанын сүйіншіледі
Фото: https://www.instagram.com/ibragimovserik/

Қуанышты жаңалықты өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті. Перзентханада түсірілген видеода әнші жұбайы мен жаңа туған сәбиінің жанында тұрып, төрт саусағын көрсету арқылы төртінші рет әке атанғанын жеткізді.

Серік Ибрагимов пен Айнамкөз Әбдімаева бұған дейін үш бала тәрбиелеп отырған. Олардың тұңғышы – Хамза, одан кейін Рабиа есімді қызы және 2024 жылдың қаңтарында дүниеге келген Шадияр есімді ұлы бар.

Еске салайық, биыл сәуір айында жұлдызды жұп гендер-пати өткізіп, тағы бір ұл күтетіндерін жариялаған болатын.

28 шілдеде әнші әлеуметтік желі арқылы төртінші перзентінің өмірге келгенін ресми түрде хабарлады. Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, ана мен нәрестеге зор денсаулық пен амандық тіледі.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2