Мәзір
Бүгін, 14:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды

Екібастұзда әйелдің бөлшектенген денесі табылды. Желіде тараған видеода әйелдің дене мүшелері бірнеше пакетке салынып, қоқыс жәшігіне тасталғаны айтылған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды
Фото: magnific.com

Павлодар облыстық полиция департаменті кісі өлтіруге байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

"Полиция кісі өлтіруге байланысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Полиция оқиғаның мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатынын атап өтті. Қосымша ақпара Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланған жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2