Мәзір
Бүгін, 13:11 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы «өлім жолында» болған апаттан әке мен бала қаза тапты

27 шілде күні Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы Самара – Шымкент тасжолында адам өліміне әкелген жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды buginmedia.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысындағы «өлім жолында» болған апаттан әке мен бала қаза тапты Ақтөбе облысындағы «өлім жолында» болған апаттан әке мен бала қаза тапты
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, BMW көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында қайтыс болған. Марқұм бес баланың әкесі болған. Жол апаты кезінде оның бес баласы да көлікте отырған.

Полицияның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Көліктегі бес жолаушы мен DAF жүк көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген.

– Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Әкімгерей Балмағамбетов.

Кейінірек дәрігерлер зардап шеккен балалардың бірін аман алып қала алмағаны белгілі болды.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем бригадалары зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізген. Алайда жансақтау шараларына қарамастан, кәмелетке толмаған жолаушы көз жұмған.

Қазіргі уақытта қалған зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауында, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Өлім жолындағы» кезекті қайғылы оқиға

Ақтөбе облысындағы Самара – Шымкент автожолы ауыр жол апаттарының жиі болуына байланысты халық арасында «өлім жолы» аталып кеткен. Әсіресе Әйтеке би ауданындағы және Қарабұтақ пен Ақтөбе аралығындағы учаскелер аса қауіпті саналады. Мұнда жүк көліктерінің қозғалысы өте қарқынды, ал жолдың тар болуы адам шығынына әкелетін апаттардың жиі тіркелуіне себеп болып отыр.

Еске салсақ, өткен жылдың қазан айында дәл осы тасжолда DAF жүк көлігі мен жолаушылар мінген «Газель» соқтығысып, салдарынан 12 адам қаза тапқан еді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2