Мәзір
23 шілде, 2026 / BuginMedia / Саясат

Құрылтай сайлауы: бюллетеньде партиялар қандай ретпен орналасады?

Орталық сайлау комиссиясы жеребе өткізіп, Құрылтай депутаттарын сайлау бюллетенінде саяси партиялардың орналасу ретін белгіледі, деп хабарлайды Buginmedia.kz.

Құрылтай сайлауы: бюллетеньде партиялар қандай ретпен орналасады? Құрылтай сайлауы: бюллетеньде партиялар қандай ретпен орналасады?
Фото Depositphotos.сom

Бюллетеньде партиялар мынадай тәртіппен беріледі:

«Әділет» партиясы

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы

Қазақстан халық партиясы

«Ауыл» партиясы

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы

Respublica партиясы.

21 шілдеде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы барлық жеті саяси партияның Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімдерін тіркеді.

23 шілде күні сағат 18:01-де Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған сайлауалды үгіт-насихат ресми түрде басталды. Үгіт жұмыстары 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. Дауыс беру үшін еліміз бойынша 10 427 сайлау учаскесі дайындалады. Сайлаушылар тізіміне 12,5 миллионнан астам азамат енгізілген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2