Әлеуметтік желілерде Өзбекстанның Ташкент облысында жас жұбайлардың үйлену тойынан бір күн өткен соң көз жұмғаны туралы ақпарат тарады.
Тараған мәліметтерге сәйкес, Пскент ауданында ерлі-зайыпты газдан уланып қайтыс болған деген болжам айтылған.
Өзбекстан Бас прокуратурасының мәліметінше, 15 желтоқсанда Пскент ауданындағы «Бірлік» махалласында бірге тұрған 1995 жылы туған ер адам мен 1997 жылы туған әйелдің мәйіті табылған.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиғаға байланысты тергеуге дейінгі тексеру басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Алдын ала қорытындыға сәйкес, олардың өліміне белгісіз заттан улану себеп болған.
Қазір Пскент аудандық прокуратурасы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеуге дейінгі тексеруді жалғастырып жатыр.