Мәзір
Бүгін, 11:45 / BuginMedia / Экономика

Ресейлік миллиардерлер бір жылда шетелге миллиардтаған доллар актив аударған

Ресейде мемлекет тарапынан қысымның күшеюі мен активтердің тәркілену қаупі ірі кәсіпкерлердің капиталын елден шығаруға түрткі болған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ресейлік миллиардерлер бір жылда шетелге миллиардтаған доллар актив аударған Ресейлік миллиардерлер бір жылда шетелге миллиардтаған доллар актив аударған
Фото: smart-estet.ru

Bloomberg басылымның мәліметінше, соңғы бір жыл ішінде Ресейдің ең бай азаматтары, соның ішінде Владимир Путиннің жақын ортасына кіретін кейбір бизнес өкілдері миллиардтаған доллар көлеміндегі активтерін шетелге аударған.

Bloomberg бірнеше миллиардердің банк жүйесіндегі қосымша активтерін Ресейден тыс жерге көшіргенін жазады. Бұл ақпарат корпоративтік құжаттар мен қаржылық мәмілелер арқылы расталған.

Басылымның бағалауынша, 2026 жылдың басынан бері Ресейден шығарылған капиталдың жалпы көлемі ондаған миллиард долларға жеткен. Бай инвесторлар қаржысын негізінен криптовалютаға, алтынға, шетелдегі жылжымайтын мүлікке және Парсы шығанағы елдеріндегі жеке инвестициялық қорларға бағыттаған.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Bloomberg жолдаған сауалға түсініктеме бермеген.

Ал The Bell басылымы 2024 жылдан бері Ресейде жеке активтерді мемлекет пайдасына тәркілеу жағдайларының айтарлықтай артқанын мәлімдеді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2