Мәзір
Бүгін, 14:25 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астанада кәріз құбырынан шала туған сәби табылды

Астанада тұрғын үйдің кәріз жүйесінен алты айлық шарана табылды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астанада кәріз құбырынан шала туған сәби табылды Астанада кәріз құбырынан шала туған сәби табылды
Фото: ашық дереккөз

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Threads желісіндегі tatarovna_ есімді қолданушының жазуынша, жақын маңдағы қонақүйге келген әйелдердің бірі бөлмеде босанып, кейін нәрестені кәріз құбырына тастап кеткен.

Жазба авторының айтуынша, шарананы тұрғындар кәріз жүйесін тексеру кезінде тауып алған.

«Оның кішкентай аяқтары біздің кәріз құбырында әлі ұзақ уақыт бойы бәріміздің көз алдымыздан кетпейтін шығар. Әлгі әйел қыз баланы унитаз арқылы құбырға жіберіп, денесі қаланың кәріз жүйесінде жоғалып кетеді деп ойлаған сияқты. Бірақ біздің үйдегі құбырлардың ескі шойыннан жасалғанын ескермеген», – деп жазды астаналық тұрғын.

Астана қаласының полиция департаменті әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ. 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2