Мәзір
Бүгін, 12:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанға көліктердің бір реттен артық кіруіне жол бермейтін шектеу енгізілді

Қазақстанда жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) шекара арқылы заңсыз әкетудің алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанға көліктердің бір реттен артық кіруіне жол бермейтін шектеу енгізілді Қазақстанға көліктердің бір реттен артық кіруіне жол бермейтін шектеу енгізілді
Ашық дереккөз

Вице-министрдің айтуынша, қолданылып жатқан шаралардың бірі - шекаралас мемлекеттерден келетін көлік құралдарының кіруін шектеу.

"Қазіргі уақытта шекаралас елдерден келетін жүк және жеңіл көліктердің Қазақстан аумағына тәулігіне бір реттен артық кіруіне жол бермейтін шара енгізілді", - деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Оның айтуынша, отынды «сұр» жолмен, яғни заңсыз әкетумен күреске ерекше назар аударылып отыр.

"Қазіргі таңда негізгі жұмыс «сұр» жолмен отын шығаруға пайдаланылатын қосымша жанармай бактары орнатылған көліктерді анықтауға бағытталып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Шекара қызметі және кеден органдары бірлесіп жүргізуде", -  деді вице-министр.

Шенеуніктің айтуынша, шекара маңындағы өңірлерде отынды заңсыз алып шығуға әрекет жасаған құқық бұзушылар үнемі анықталып жатыр.

"Бүгінде Қазақстаннан жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) «сұр» жолмен шығарудың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда", -  дейді Тұтқышбаев.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетуге бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.Үкімет мәліметіне сәйкес, небәрі екі тәулік ішінде өткізу бекеттерінде қосымша бактар мен канистрлерге үш тоннадан астам отынды заңсыз алып шығуға жасалған 61 әрекеттің жолы кесілген. Ал жыл басынан бері мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге байланысты 593 әрекет анықталған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2