Мәзір
3 шілде, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстандықтар қандай жағдайда жұмыс берушіден материалдық көмек ала алады?

Қазақстанда мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белгілі бір өмірлік жағдайларда жұмыс берушіден біржолғы материалдық көмек ала алады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстандықтар қандай жағдайда жұмыс берушіден материалдық көмек ала алады? Қазақстандықтар қандай жағдайда жұмыс берушіден материалдық көмек ала алады?
Фото: Freepik

finratings.kz жазуынша, мұндай төлем тек төтенше жағдайларда ғана емес, сондай-ақ неке қию, бала дүниеге келуі немесе бала асырап алу сияқты оқиғалар кезінде де қарастырылған.

Материалдық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1127 қаулысымен бекітілген. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік мекеме басшысы немесе уәкілетті тұлға қызметкерге бірнеше негіз бойынша біржолғы материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдай алады.

Атап айтқанда, қызметкердің жақын туысы, жұбайы немесе қайын жұртының мүшесі қайтыс болған жағдайда, некеге тұрған кезде, бала туған немесе бала асырап алған кезде материалдық көмек берілуі мүмкін.

Бұдан бөлек, қызметкерге ұзақ уақыт емделуге байланысты қосымша шығындар қажет болса да мұндай төлем қарастырылған. Бұл ретте стационарлық немесе амбулаториялық емдеу мерзімі кемінде 10 күнтізбелік күн болуы тиіс. Ал шипажайда емделу бұл талапқа жатпайды.

Материалдық көмек мүлікке қылмыс немесе төтенше жағдай салдарынан залал келген кезде де беріледі. Мысалы, ұрлық, тонау, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және өзге де табиғи апаттардың салдарынан зардап шеккен қызметкерлер осы төлемге жүгіне алады. Сондай-ақ зейнеткерлікке шығатын қызметкерлерге де біржолғы материалдық көмек көрсету қарастырылған.

Алайда бұл төлем автоматты түрде тағайындалмайды. Қызметкер жұмыс берушінің атына жазбаша өтініш беруі қажет. Көп жағдайда өтініш тиісті оқиға болған күннен бастап екі ай ішінде тапсырылуы тиіс. Ал зейнеткерлікке шығатын азаматтар өтінішті зейнетке шығатын күннен кемінде бір ай бұрын беруі керек.

Қағидаға сәйкес, материалдық көмек тек қызметкер аталған мемлекеттік мекемеде еңбек қатынасында болған кезеңде орын алған жағдайларға байланысты ғана төленеді. Төлемді тағайындау туралы шешімді ұйым басшысы немесе оның уәкілетті өкілі қабылдайды. Сонымен қатар қаражат қызметкерге төленетін күні оның жұмыс берушімен еңбек шарты әлі де күшінде болуы міндетті.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2