Істі судья Зарема Хамидуллина жүргізуде.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 16 наурызға қараған түні Нұрсая ықшамауданында болған. Сот алдында 63 жастағы зейнеткер жауап беріп жатыр. Ол ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша айыпталуда.
Айыптау актісіне сәйкес, ерлі-зайыптылар арасында ұзақ уақыт бойы қызғаныш пен сенімсіздікке байланысты жанжалдар орын алған. Сол түні тағы да жанжыл шыққан.
Айыптау нұсқасына сәйкес, түнгі сағат екі шамасында ер адам ас үйден пышақ алып, қонақ бөлмеге кірген. Сол жерде оның жұбайы мен отбасында тәрбиеленіп жатқан 12 жастағы қыз болған. Осыдан кейін ол әйеліне бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Үйде болған 12 жастағы қыз іс бойынша басты куәгерлердің бірі атанды. Оның айтуынша, ол айқайдан оянып, әкесін тоқтатуға тырысқан, бірақ шешуші сәтті көрмеген.
Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындады. Ол жанжалдан кейін ас үйден пышақ алып, жұбайына соққы жасағанын растады. Отырыс барысында ер адам көзіне жас алып, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Сонымен бірге ол істің алқабилер қатысуынсыз қаралуын таңдады.
Сонымен қатар, сот барысында айыптау актісінің көшірмелері тараптарға алдын ала берілмегені анықталып, прокурорға ескерту жасалды. Құжаттар сот отырысы кезінде тапсырылды.
Келесі тыңдау 5 маусым күні сағат 10:00-ге белгіленді. Процесс ашық түрде өтуде.