Мәзір
24 сәуір, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жанәбіловтер ісі: Эльмира Төлегенова сотта соңғы сөзін айтты

Астанада Жанәбіловтер ісі бойынша сот процесінде айыпталушы Эльмира Төлегенова соңғы сөзін айтып, заң бұзушылықтарды мойындайтынын және өкінетінін мәлімдеді. Ол соттан өзіне де, жұбайына да бас бостандығынан айырусыз жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жанәбіловтер ісі: Эльмира Төлегенова сотта соңғы сөзін айтты Жанәбіловтер ісі: Эльмира Төлегенова сотта соңғы сөзін айтты
Фото Informburo.kz

Соттағы соңғы сөзінде айыпталушы Эльмира Төлегенова болған оқиғаның салдарын түсінетінін және жіберілген заң бұзушылықтарды мойындайтынын атап өтті.

«Біз болған жағдай үшін толық жауапкершілікті түсінеміз. Бұл оқиға біз үшін маңызды өмірлік сабақ болды, одан тиісті қорытынды жасадық. Заң бұзуға жол бергенімізге шын жүректен өкінеміз», - деді Эльмира Төлегенова.

Сондай-ақ ол соттан істің мән-жайларын ескеріп, өзіне де, жұбайына да бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Бұдан бөлек, сот кеңесу бөлмесіне кетпей тұрып, процессуалдық келісім жасау туралы өтініш білдірілді.

Өз кезегінде судья мұндай келісімнің шарттарын осы форматта талқылау мүмкін еместігін айтып, үзіліс жариялады.

Алдыңғы отырыста прокурор Жанабыловтарға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Еске салайық, Жанабыловтар 2025 жылғы 18–21 тамыз аралығында автокөлік ұтысын ұйымдастырған. Алайда уәде етілген тікелей эфирдің орнына жазылушыларға құны 30 мың теңге болатын ақылы оқу курсына сілтеме берілген, ал ұтысқа қатысу тек осы курсты сатып алғаннан кейін ғана мүмкін болған. Осыдан кейін блогерлердің қызметіне Қаржылық мониторинг агенттігі назар аударды. Бастапқыда іс әкімшілік ретінде қаралғанымен, қыркүйекте сот қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін байқап, материалдарды Астана қаласының экономикалық тергеу департаментіне жолдады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2