Мәзір
23 сәуір, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөз айтуға сотқа келмеді

Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр.Айыпталушылар соңғы сөздерін айтуы тиіс отырысқа Төлегенова келмеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөз айтуға сотқа келмеді Жанәбіловтің әйелі соңғы сөз айтуға сотқа келмеді
Фото әлеуметтік желіден

Айыпталушылардың адвокаты Гаухар Айтжанованың айтуынша, оның қорғауындағы азамат денсаулығына байланысты келмеген. Судья Әділбек Баймаханов отырыс кезінде бұл жағдайды растайтын құжаттар ұсынылмағанын айтты.

"Сот айыпталушыға растайтын құжаттарды ұсынуға немесе онлайн байланыспен қосылуға екі сағат уақыт береді. Егер құжаттар ұсынылмаса, сот келмеу себебін негізсіз және қылмыстық істі қарауға кедергі келтіру деп санайды", - деді ол.

Осыған байланысты судья екі сағатқа үзіліс жариялады.

Танымал блогерлерге Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы "Заңсыз кәсіпкерлік" және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" бойынша айып тағылған.

Прокурор блогерлерге қандай жаза сұрады?

Сот жарыссөзі барысында мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев екі сотталушыны да тағылған барлық бап бойынша кінәлі деп тануды және мүлкін тәркілей отырып, ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Бұл ретте Эльмира Төлегенованың кішкентай балалары болуына байланысты оған қатысты үкімнің орындалуын бір жылға шегеру ұсынылды.

Айта кетейік, наурызда Астанада елордалық блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша басты сот талқылауы басталды. Ерлі-зайыпты сот отырысы кезінде журналистердің видео және суретке түсіруіне қарсы шықты.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2