Мәзір
29 қазан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

14 облыста ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

14 облыста ескерту жарияланды 14 облыста ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Астанада 29 қазанда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Шымкентте 29 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістанда 29 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

29 қазанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Қызылордада 29 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

29 қазанда Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Қостанайда 29 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

29 қазанда Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Көкшетауда 29 қазанда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

29 қазанда Абай облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20, түнде және таңертең екпіні 25 м/с болады.

Семейде 29 қазанда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

29 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, түнде және таңертең екпіні 23 м/с.

Өскеменде 29 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

29 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.

Жезқазғанда 29 қазанда көктайғақ болады.

29 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Оралда 29 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

29 қазанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағандыда 29 қазанда көктайғақ болады.

29 қазанда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Атырауда 29 қазанда кей уақытта тұман түседі.

29 қазанда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі.

29 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавлда 29 қазанда көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.

29 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодарда 29 қазанда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Апта талқысында: